Ерлер

«Петрокуб» серуендеуге келмейді – спорт маманы

Футболшы «Петрокуб» командасының деңгейін айқындап берді

Футболдан Молдова құрамасының, «Астана», «Тобыл» және «Ертіс» командаларының бұрынғы ойыншысы Игорь Бугаев Meta-ratings.kz порталына берген сұқбатында шымкенттік «Ордабасы» молдовиялық «Петрокуб» арасындағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі матч туралы пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

«Петрокуб» – жақсы команда. Әр позицияда Молдова құрамасының ойыншылары бар. Менің ойымша, «Ордабасыны» қиын ойын күтіп тұр. «Петрокуб» Шымкентке экскурсияға немесе серуендеуге келмейді. Олар Қазақстанда жеңіске жету үшін күресуге дайын болады. Бірінші ойында «Ордабасы» өз алаңында ойнайтындықтан жақсы мүмкіндік туып тұр. Уақыт белдеуі мен климаттың айырмашылығы «Петрокуб» командасының ойынына әсер етуі мүмкін», деді Бугаев.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің матчы 10 шілдеде Шымкентте өтеді. Ойынның басталуы Астана уақыты бойынша 20:00-ге жоспарланған.