Жаңалықтар

Ерғали Шәмей- Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Ол алтынға апарар жолда румыниялық қарсыласына есе жіберді

Ерғали Шамей -  Паралимпиада-2024 ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Ерғали Шамей, J1 классында 73 кг дейінгі салмақта өнер көрсетіп, пара дзюдодан Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Алғашқы айналымда Ерғали француздық Арминдо Родригесті жеңді. Жартылай финалда Германиядан келген қарсыласын иппонмен жеңіп, финалға шықты.

Финалда Ерғали румыниялық спортшы Флорин-Александру Бологамен белдесіп, иппонмен есе жіберді. Осылайша Ерғали Шамей Паралимпиада ойындарын күміс медальмен аяқтады.