Раушан Қойшыбаева үздік бестіктен көрінді
Қойшыбаева Паралимпия ойындарын төртінші орынмен аяқтады
Раушан Қойшыбаева Паралимпиада ойындарын 4-ші орынмен аяқтады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Раушан Қойшыбаева Париж-2024 Паралимпиада ойындарында 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 117 кг нәтижесімен 4-орынға тұрақтады.
Байрақты бәсекенің алтын медалін бразилиялық Мариана Д’Андреа 148 кг көтеріп, жеңіп алды. Күміс медальді өзбекстандық Рузa Құзиева 147 кг нәтижесімен иеленсе, қола медаль 120 кг көтерген түркиялық Сибель Чамға бұйырды.