Жаңалықтар

"Спорт арқылы әйеліммен таныстым": Паралимпиада жүлдегері сыр шертті

Олар Токиодағы додада танысқан

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков бүгін, 7 қыркүйекте елге оралды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бүгін елге оралған Дастан Мұқашбеков журналистермен тілдесу барысында спорттың өзінің өмірінде ерекше орын алғанын айтты. Тіпті спорт арқылы өзінің жан жарымен танысқанын да тілге тиек етті.

Айта кетейік, Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында ерлер арасында ядро лақтырудан F36 санаты бойынша финалдық кезеңде сынға түскен Дастан Мұқашбеков қола медаль жеңіп алған болатын.