Жаңалықтар

Қуан, қазақ! Ел қоржынына тағы бір медаль түсті

Зарина Раифова - Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері

Зарина Раифова пара дзюдодан әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 класында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Қола жүлде үшін жекпе-жекте Раифова итальяндық Каролина Костадан басым түсті.

Бұған дейін, жұбаныш белдесуінде, Зарина австралиялық Тейлор Госенсті иппонмен жеңген болатын. Ширек финалда Раифова қытайлық Ван Х. иппонмен есе жіберді.