Жаңалықтар

Жұрқамырза Шүкірбеков Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Ол Насер Зорганиді иппонмен жеңді.

Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 класында 90 келі салмақты сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Қола жүлде үшін жекпе-жекте Жүркамырза Франциядан келген қарсыласы Насер Зорганиді иппонмен жеңді.

Бұған дейін, жартылай финалда, спортшымыз грузиялық Реваз Чикоидзеге есе жіберді, ал ширек финалда бразилиялық Серхио Фернандес Жуниорды (J2) жеңген болатын.