Жаңалықтар

Қазақ жігіттері көкпар алаңында кіммен кездеседі?

«Қазанат» ипподромында қазақ және өзбек бауырлар кездеседі

Бүгін, 9-қыркүйек күні «Қазанат» ипподромында көкпардан жарыс жолын қазақ жігіттері бастайды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Жарыс алаңында қазақ жігіттері бауырлас Өзбекстан елінің шабандоздарымен бақ сынасады.

Турнир жергілікті уақытпен сағат 10:00-де басталады. Тікелей эфирді QazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар.