Махмұд Сабырхан бапкері Мырзағали Айтжановтың қызын алды
Боксшының қалыңдығы Мырзағалидің қызы болып шықты
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Әлеуметтік желіде Мамхұд Сабырханның қалыңдығы ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың қызы болып шықты деген сипатта ақпараттар тарай бастады. Бұл туралы “Оңтүстік” телеарнасының редакторы Гүлсанат Қалмырзақызы хабарлады.
Алайда журналист Аян Төлеген бұл ақпараттың ешқандай да шындыққа жанаспайтынын айтты. Назым есімді бойжеткен Мырзағали Айтжановтың емес, Мырзағали Есқұловтың қызы екен.
Айта кетейік, Махмуд Сабырхан Қазақстан бокс құрамасының мүшесі. 2023 жылы әлем чемпионы атанды. Париж Олимпидасында 57 кг салмаққа дейінгілер арасында сынға түсіп, алғашқы кезеңде испаниялық Хосе Кильестен жеңіліп қалды.