Француздар жамбы атудан чемпион атанды
Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарының алғашқы медалистері анықталды
Бүгін, 9 қыркүйек күні Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары аясында жамбы атудан алғашқы турнир өтті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Франция ұлттық құрамасының екі спортшысы да бұл спорт түрінен медаль алып қайтты. Рафаэль Малет үздік нәтиже көрсетіп, алтынға қол жеткізді. Ал, монғолиялық шабандоз Алтынуяг Нэргуй екінші орынмен күміс жеңіп алды. Үздік үштікті қола жүлдемен франциялық Гаэтан Бло қорытындылады.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының шабандозы Абзал Тұлыбеков үздік бестіктің қатарына енген болатын.