Жаңалықтар

«Есеп 16:0» — Көкпардан Қазақстан құрамасы таң қаларлық сенсация жасады

Көшпенділер ойындары аясында қазақтар мен өзбек бауырлар көкпар алаңында кездесті

Бүгін, 9-қыркүйек күні «Қазанат» ипподромында көкпардан турнир басталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Қазақтың жігіттері өзбекстандық қарсыластарын 16:0 есебімен жеңіп, жарыс жолын сәтті бастады. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтеді.