Жаңалықтар

Әлем чемпионы Ризабектің ауылында асфальт жоқ

Ауылдастары облыс әкіміне наразы

7 қыркүйекте еркін күрестен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында Испанияда өткен әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген Ризабек Айтмұханның жерлестері жол мәселесінің үлкен проблема екенін айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz

7 қыркүйекте балуан Ризабек Айтмұхан жастар арасында әлем чемпионы атанды. Ал 8 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Facebook желісіндегі ресми парақшасында спортшыны құттықтады.

Ал осы құттықтау жазбаның астына Нурлан Каримов есімді желі қолданушысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке сауал жолдады.