Ерлер

«Үйренген жау атыспаққа жақсы» немесе іште кеткен ыза

Қазақстан құрамасы Словенияны сан соқтыра ала ма?

Бүгін, 9 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Словениямен кездеседі, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Қазақстан мен Словения құрамалары биылғы Ұлттар лигасы турнирінің В дивизионында өнер көрсетеді. Алғашқы турда Қазақстан өз алаңында Норвегиямен тең тарқасса (0:0), Словения мен Аустрия да ұпай бөлісті (1:1).

Бүгінгі матч Қазақстан құрамасы үшін маңызды, себебі осыған дейін Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде ұлттық құрама екі мәрте жеңіліс тапқан еді (1:2, 1:2). Ал осы жолы жігіттер есе қайтаруға келді.

Словения ұлттық құрамасының қорғаушысы Петар Стоянович баспасөз мәслихатында алдағы ойын туралы өз ойын ортаға салған болғатын.

Айта кетейік, Словенияда өтетін ойын бүгін сағат 23:35-те басталады.