Жаңалықтар

Тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары аясында басталды

Олар есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті

Бүгін, 9 қыркүйек күні сағат 09:09-да 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасы аясында Тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қатысушылардың алғашқы жүрістері 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9 ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті. Уақыттың мұндай рәміздік таңдауы Тоғызқұмалақ күніне орайластырылып, Көшпенділер ойындары аясында өткізіліп отыр. 2020 жылдан бері бұл оқиға Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен аталып өтіледі.  

Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық дирекциясының басшысы Наиль Нұров және ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев. Құттықтау сөзінде Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов бұл күні тоғызқұмалақ логикалық ойыны бойынша рекордтар орнатуға арналған маңызды шараның да өтіп жатқанын атап өтті.