Тұңғыш алтын: ел қоржынына көшпенділер ойындарының алғашқы жүлдесі түсті
Аударыспақтан қазақ батыры қырғыз спортшысын жеңді
60 кг салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды, деп Dopmedia.kz Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында аударыспақтан Қазақстан құрамасының мүшесі Ермек Құралбай финалда Қырғызстан спортшысын жеңді.
Айта кетейік, "Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді.
10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.