Жаңалықтар

Жолдама саны бойынша Қазақстан Украина, Өзбекстаннан кейін тұр

Олимпиада жолдамасы бойынша еліміздің қоржынында 92 лицензия

Қазақстан Францияның астанасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына 92 жолдама еншіледі. 25 спорт түрінен Қазақстан атынан 80 спортшы бақ сынайды. Осылайша Қазақстан Олимпиадаға лицензия алған спортшылар саны бойынша ТОП-40 елдің қатарына енді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Жолдама саны бойынша АҚШ көш басында тұр. Америка 592 спортшысын Олимпиада ойындарына жіберетін болса, Франция құрамасы атынан 587 спортшы бақ сынайды. Үздік үштікті Аустралия түйіндеді (468).

Посткеңестік елдер арасында Қазақстан Украина (138) мен Өзбекстаннан (86) кейін орналасқан.

Париж Олимпиадасынжа өнер көрсететін спортшылар саны бойынша үздік 50 елдің тізімі:

1. АҚШ – 592;

2. Франция – 587;

3. Австралия – 468;

4. Германия – 427;

5. Жапония – 411;

6. Қытай – 398;

7. Испания – 382;

8. Италия – 366;

9. Ұлыбритания – 327;

10. Канада – 318;

11. Бразилия – 277;

12. Нидерланды – 258;

13. Польша – 211;

14. Жаңа Зеландия – 196;

15. Венгрия – 175;

16. Бельгия – 164;

17. Египет – 153;

18. Оңтүстік Африка – 149;

19. Оңтүстік Корея – 144;

20. Украина – 138;

21. Аргентина – 136;

22. Ирландия – 132;

23. Швейцария – 127;

24. Дания – 125;

25. Швеция – 117;

26. Үндістан – 113;

26. Чехия – 113;

28. Сербия – 112;

29. Норвегия – 107;

29. Румыния – 107;

29. Мексика – 107;

32. Түркия – 102;

33. Грекия – 101;

34. Словения – 90;

35. Колумбия – 89;

36. Израиль – 88;

37. Нигерия – 87;

38. Өзбекстан – 86;

39. Қазақстан – 80;

40. Австрия – 76;

41. Хорватия – 73;

41. Португалия – 73;

43. Кения – 72;

44. Куба – 63;

45. Марокко – 59;

46. ​​Ямайка - 58;

47. Қытайлық Тайбэй – 57;

48. Финляндия – 56;

49. Доминикан Республикасы – 54;

50. Пуэрто-Рико – 52.

Айта кетейік, көпшілік тағатсыздана күткен Париж Олимпиадасы 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін өз жалғасын табады.