Жаңалықтар

Боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев колонияда не істеп жүр?

Қазақ боксшысын Аршалыдағы колониядағы апарды

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев колонияға барды, деп Dopmedia.kz тілшісі Бірінші бол сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шара ҚР премьер-министрінің өкімімен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды жақсартудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылған.

Аталған іс-шараны Астана қаласы Қылмыстық-түзету мекемесі мен Аршалы аудандық прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырған. Мақсат сотталғандармен тәрбие және профилактикалық жұмыстарды жүргізу болатын.

Боксшы спорттағы карьерасын, жеңіске жеткен жолдағы қиындықтары мен қызықтарын әңгімелеп берді.