Жаңалықтар

Қатарынан екі қола алып кеткен қазақстандықтар кім?

Бірімжан Асылмұрат 2:0 есебімен қарсыласың жеңіп кетті

Қазақ спортшысы Бірімжан Асылмұрат таяқ тартудан (мас-рестлинг) қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

65 келі салмақ дәрежесінде өткен сайыста жерлесіміз Моңғол спортшысы Тцеренцогол Пуревсуреден 2:0 есебімен басым түсті.

Әйелдер арасында сайысқа түскен Тахмина Қожамбердиева да үшінші орынды олжалады. 55 келі салмақ дәрежесінде күрескен Тахмина Мажар қызы Ксордас Синтианы 2:0 есебімен жеңді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында мас-рестлинг жарысына 31 мемлекеттен 98 спортшы қатысуда.