10-шы қыркүйекке арналған жарыс кестесімен таныс болыңыздар
Бүгін, 10-шы қыркүйек күні Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында бірқатар спорт түрлерінен жарыс өтеді,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы сағат 10.00-де АҚШ командасымен кездеседі. Жарыс «Қазанат» ипподромда.
Ал ипподром маңындағы этноауылда сағат 9.00-де жамбы ату спортының түркі стилінен қазақстандық спортшылар сынға түседі.
Этноауылда аударыспақтан үш салмақ дәрежесінде жарыстар өтеді.
«Арғымақ» ат-спорт кешенінде сағат 10.00-де дәстүрлі садақ атудан «қалқан» нысанасы бойынша жарыс басталады. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдердің әрқайсы 4 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
«Алау» мұз сарайында кураш өтеді. Оған Ернұр Сүлеймен (60 келі), Айбек Қазақбаев (66 келі), Нұрдін Шаймерден (73 келі) және Алтынай Нұрханова (57 келі) қатысады.
Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен жарысқа Бердіқұл Әлтай (90 келіге дейін), Еркебұлан Ерлан (105 келіге дейін) және Ольга Душаева (75 келіге дейін) қатысады.
«Алау» мұз сарайында ерлер арасында бес табаннан және әйелдер арасында бес асықтан жартылай финалдық бәсеке өтеді. Асық атудан ел намысын 8 спортшы қорғайды. Олар – Нуркисса Молжигитов, Жомарт Нұрланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айткұлов, Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сания Әскер және Көгершін Думан.Финалдық ойындар 11 қыркүйекте өтеді.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)