Бокс

Мырзағали Айтжанов чемпион Жәнібек Әлімханұлын жаттықтырып жүр

Мырзағали Айтжанов қазақ чемпионына қолдау көрсетуде

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановпен бірге жаттығу жасады, деп Dopmedia.kz тілшісі боксшының Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

ІBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) алдағы кездесуіне байланысты жаттығуын бастады. Қазіргі таңда боксшымыз АҚШ-қа кетпей, жаттығу жұмыстарын елімізде өткізуде.

Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі парақшасында бокстан ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен спаррингтер өткізген видеосын жариялады. Ал оның спарринг қарсыластары Мырзағали Айтжановтың жас шәкірттері болды.

Мырзағали Айтжанов та қазақстандық боксшыға сәттілік тілеп қолдады.