Футбол

Кураштан қазақстандық 7 спортшы финалға өтті

Олар өзбек халқының ұлттық спортынан бақ сынасты

Өзбек халқының ұлттық спорты кураштан қазақстандық 7 спортшы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі  «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Олар: ерлер арасында Марат Нигматуллаев пен Ернұр Сүлейменов (екеуі де 60 келі), Айбек Қазақбаев (66 келі), Нұрдін Шаймерден және Әділет Ахметғали (екеуі де 73 келі) және әйелдер арасында Толғанай Абеуова және Алтынай Нурахова (екеуі де 57 келі).