Жаңалықтар

«Темір сатып, нан алғанмын»: Елдос Сметов өз естелігімен Нұрлан Қоянбаевты жылатты (видео)

Ол өзінің ата-анасы туралы естелігін айтты

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов «Түнгі студия» бағдарламасында ата-анасы туралы естелігін айтып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Айта кетейік, Елдос Сметов өз мансабында үш Олимпиадаға қатысқан. Риода (2016) күміс, Токиода (2021) қола, Парижде (2024) алтын жүлде еншіледі. Сондай-ақ Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті екенін де жеткізді.