Жаңалықтар

5-ші Көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күнінің нәтижесі

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күні аяқталды.

Бұл аралықта спортшылар көкпар, көкбөрі, аударыспақ, жамбы ату, күрәш, дәстүрлі садақ ату, қазақ күресі, мас-рестлинг, асық және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен сайысқа түсті,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінде аударыспақ сайысының үш салмақ категориясы бойынша жеңімпаздары анықталды. 90, 100 және 100+ кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар бәсекесі Этноауылда өтті.

Жүлделі орын иеленгендер:

90 кг

1 орын – Ислам Бердібекұлы (Қырғызстан)

2 орын – Есімхан Рахматилла (Қазақстан)

3 орын – Инсаф Хусаинов (Ресей)

100 кг

1 орын – Сырым Ізбасаров (Қазақстан)

2 орын – Бақытжан Жанат (Моңғолия)

3 орын – Кольчар Даниэль (Мажарстан)

100 кг-нан жоғары

1 орын  – Біржан Қосалиев (Қазақстан)

2 орын – Кумушбек Кыдыралиев (Қыргызстан)

3 орын – Лакатош Валентин (Мажарстан)

Түркі стилінде жамбы ату сайысына 27 елден 78 спортшы қатысты. Жамбы ату жарыстары этноауылда өтіп жатыр.  

Нәтижесі:

1 орын – Ералхан Айкөз  (Қазақстан)

2 орын – Егит Керем (Түркия)

3 орын  – Айтбек Сарыбай (Қазақстан)

«Арғымақ» ат спорты кешенінде «Qalqan» стиліндегі дәстүрлі садақ ату сайысы өтті.

Ерлер арасында жүлделі орын иеленгендер:

1 орын – Кочжка Ласзло (Мажарстан)

2 орын –Тапенов Ербол (Қазақстан)

3 орын  – Қанат Қасымхан (Қазақстан)

Әйелдер арасындағы мергендер:

1 орын  – Рено Сури (Индонезия)

2 орын  – Анна Алексеева (Ресей)

3 орын  – Асель Садырова (Қырғызстан)

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер және әйелдер арасындағы қазақ күресі өз мәресіне жетті. 41 елдің спортшылары 8 салмақ дәрежесінде бәсекеге түсті.

Жекпе-жек нәтижелер:

Ерлер

82 кг

1. Умид Эсонов (Өзбекстан)

2. Эсенбек уулу Шатме (Қырғызстан)

3. Сылапберди Нуриев (Түрікменстан)

3. Талеби Сардар Абади Тейеб (Иран)

90 кг

1. Умар Бозоров (Өзбекстан)

2. Паата Гвиниашвили (Грузия)

3. Ерасыл Жаңатай (Қазақстан)

3  Хакназар Назаров (Тәжікстан)

100 кг

1. Ерсұлтан Мұзаппаров (Қазақстан)

2. Зураб Чагелишвили (Грузия)

3. Бадло Этемади (Иран)

3. Виталий Балянов (Ресей)

+100 кг

1.Нұрдәулет Жарылғапов (Қазақстан)

2.Муксин  Кхисомуддинов (Өзбекстан)

3.Дадахон Курбоналиев (Тәжікстан)

3 Онисе Бухадзе (Грузия)

Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:

70 кг

1. Роза Нысантайкызы (Қазақстан)

2. Алина Пухова (Ресей)

3. Батсэцэг Цогоочир (Моңғолия)

3. Дин Ван (Нидерланды)

65 кг

1. Зарина Сарипова (Қазақстан)

2. Мухлисахон Кадырберганова (Өзбекстан)

3. Ирина Килапова (Беларусь)

3. Анна (Индия)

77кг

1.Бетти Вук (Италия)

2.Зәмзәгүл Файзоланова (Қазақстан)

3.Дина Гизатуллина (Ресей)

3. Филура Ергашова (Өзбекстан)

+77 кг

1. Урзула Хофман(Польша)

2. Севич Махмуджонова(Өзбекстан)

3. Замира Кусаева (Ресей)

3. Альбина Бақиева (Қазақстан)

«Алау» мұз сарайы аренасында өзбек күресі - құраштан ерлер және әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Әйелдер бір салмақ, ал ерлер үш салмақ дәрежесі бойынша жеңіс тұғырына таласты.

 

Сайыс нәтижесі:

Ерлер

66 кг

1. Отабек Касанов  (Өзбекстан)

2. Айбек Қазақбаев  (Қазақстан)

3. Ханг Гай (Қытай) 

3 Авлиакулева Вепа (Түркіменстан)

60 кг

1. Муродил Муродиллоев (Өзбекстан)

2. Ернұр Сүлейменов ( Қазақстан)

3. Марат Нығматулаев (Қазақстан)

3 Ом Раттан (Үндістан)

74 кг

1. Жамшид Юулдашев (Өзбекстан)

2. Шаймерден Нұрдин (Қазақстан)

3. Данил Лактин (Ресей)

4. Әділет Ахметқали (Қазақстан)

Әйелдер:

57 кг

1.Балхара Пинкси (Үндістан)

2.Толғанай Әбенова (Қазақстан)

3.Азарпейванд Тахере (Иран)

4.Алтынай Нұрханова (Қазақстан)

10 қыркүйек күні Саха халқының ұлттық спорты – мас-рестлинг (таяқ тарту) бойынша бәсеке аяқталды.  Жүлделі орындар ерлер мен әйелдер арасында 2 салмақ дәрежесі бойынша сарапқа салынды:

Ерлер

90 кг

1. Евгений Пиконин (Ресей)

2. Цэцэгээ Унурбат (Моңғолия)

3. Вафаиепур Хади (Иран) 

3. Русланбек Чыныбек уулу (Қырғызстан)

105 кг

1. Келдибек Атайбекулу (Қырғызстан) 

2. Куп Митчел Джеймс (Канада) 

3. Еркебұлан Ерлан (Қазақстан) 

4. Никита Татаринов (Ресей)

Әйелдер

65 кг

1. Адель Маданбаева (Қырғызстан) 

2. Арезу Хоссейни (Иран) 

3. Илона Шапка (Ресей) 

3. Ванесса Ким (Өзбекстан)

75 кг

1. Назия Майлибашева (Қырғызстан)

2. Гульноза Реджабова (Өзбекстан)

3. Лия Плотникова (Ресей)

3. Ольга Душаева (Қазақстан)

«Қазанат» ипподромында кезекті көкпар ойындары басталды. Бүгінгі сайыста Қазақстан командасы АҚШ ковбойларын 12:4 есебімен жеңсе, Қырғызстан спортшылары Түркиялық әріптестерін 15:1 есебімен басып озды.

Көкбөрі сайысына келер болсақ, Түркия командасы  АҚШ ойыншыларын 2:1 есебімен ұтты, ал Ресейлік шабандоздар   Өзбекстан командасынан 3:2 есебімен басым түсті.

10 қыркүйек күні өткен тоғызқұмалақ сайыстарының нәтижесі бойынша 23,5 ұпаймен Қазақстан командасы көш бастап келеді.