Жаңалықтар

Бес алтын, бір күміс: Аударыспақтан қазақ жігіттері сенсация жасауда

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақ бәсекесі аяқталды.

Жарыстың екінші күнінде 90, 100, +100 келі салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынды. Атап айтсақ, 90 келі салмақ дәрежесінде қырғызстандық Ислам Бердібекұлы топ жарды. Екінші орын қазақстандық Есімхан Рахматілләға бұйырды.

Ал 100 келіде қазақстандық Сырым Ізбасаровқа тең келетін ешкім болмады. Ол финалда Моңғолиядан келген Ерболат Жеңісбекті таза жеңді.

Ал 100 келіден жоғары салмақта тағы бір қазақстандық Біржан Қосалиев үздік шықты. Финалда қырғызстандық Күмушбек Қыдырәлиевтен басым түсті.

Кеше 60,70, 80 келіге дейін салмақта жеңімпаздар анықталды. 

Аударыспақтан жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

60 келі:

1)Ермек Құралбай (Қазақстан)

2)Жексенбек Тұрдыбек (Қырғызстан)

3)Меліс Наурызбек (Моңғолия)

3)Алмас Камалдинов (Ресей);

70 келі:

1)Алмат Ләтіпбек (Қазақстан)

2)Бақытгүл Райханұлы (Қырғызстан)

3)Кодиржон Егамбердиев (Өзбекстан)

3)Өміртай Еркінбек (Моңғолия);

80 келі:

1)Дарын Өткелбай (Қазақстан)

2)Нодиржан Джунайдуллаев (Өзбекстан)

3)Қалыбек Бұзурманқұлұлы (Қырғызстан)

Илнұр Губайдуллин (Ресей);

90 келі:

1)Ислам Бердібекұлы (Қырғызстан)

2Есімхан Рахматіллә (Қазақстан)

3)Инсат Хусайынов (Ресей)

3)Азизбек Зокиржонов (Өзбекстан).

100 келі:

1)Сырым Ізбасаров (Қазақстан)

2)Ерболат Жеңісбек (Қырғызстан)

3)Кулсар Даниел (Мажарстан)

3)ТурдыкулАбдрахманов (Қырғызстан).

+ 100 келі:

1). Біржан Қосалиев (Қазақстан)

2) Кумушбек Қыдырәлиев (Қырғызстан)

3) Валентин Лакатос (Мажарстан)

3) Шәйітхан Қаржаубай (Моңғолия).

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы қатысты. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.

Бір айта кетерлігі, алғаш рет АҚШ пен Түркияның балуандары өнер көрсетті.