Черчесовке не керек: уақыт па, әлде отставка ма?
Станислав Черчесов екі ойында не бүлдірді?
Қыркүйек айында футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойындары жанкүйерлердің тарапынан сынға ұшырады. Екі матч нәтижесінде тек бір ғана ұпай жинады және бірде-бір гол соғылмады. Тиісінше өз қақпамызға үш доп жіберіп алдық. Ресейлік жаттықтырушы Станислав Черчесовтің жаңа командадағы дебюті де оңайға түскен жоқ, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Словениядан 0:3 есебімен жеңілгеннен кейін кейбір жанкүйерлер, әдеттегідей, сәтсіздікті бас бапкердің мойнына артып жіберді. Тіпті кейбіреулер Қазақстан футбол федерациясының Черчесовті бас бапкер ретінде тағайындауы қателік деп айтып жатыр.
61 жастағы Станислав Саламұлы Черчесов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып осы жылдың басында тағайындалды. Ал бұған дейін командамен Магомед Адиев екі жылдан астам жұмыс істеді.
Станислав Черчесов бас бапкер болып тағайындалған бастапқы уақытта Қазақстан премьер-лигасында болып жатқан жағдайларды мұқият қадағалап, шетелдік клубтарда өнер көрсететін отандастарымызды бақылап отырды. Ол Норвегиямен өткен үйдегі ойында (0:0) ұпай жинап үлгерді, ал қарсылас құрамында әлемнің ең қауіпті шабуылшыларының бірі Эрлинг Холанд өнер көрсетті.
Словениямен болған екінші ойында (0:3) команданың деңгейі идеалды деңгейден алшақ болды: қателіктердің көптігі, голдық сәттердің аздығы нәтижеге әсер етті.
Черчесовтің мінезі мен ішкі принципі мықты спорт мамандарына тән екенін атап өткен жөн. Ол 2018 жылғы әлем чемпионатында Ресей құрамасын ширек финалға дейін жеткізген болатын. Мұндай лауазымға кез келген адам тағайындалмайтыны анық. Ол шетелде де жетістіктерге жеткен – Польша мен Венгрия чемпионаттарында жеңімпаз атанып, Еуропа кубоктарына қатысқан.
Менталитеті мықты бапкер ретінде Черчесов қарсыластарынан қорықпайды, және қандай да бір әлсіздік танытпайды. Ол сұрақтарға нақты жауап беріп, жағдайды фактілермен түсіндіреді. Словениямен болған матчтан кейін, құрамға шақырылмаған ойыншылар туралы сұраққа жауап бере отырып, Станислав Саламұлы өз пікірін білдірді:
Черчесовтың артық үміттер күтпей, шынайы көзқарас ұстануы құрметке лайық. Оның стилі – сұрақтарға фактілермен жауап беру, сондықтан стандартты сылтаулар мен бос сөздерге орын жоқ. Жаттығу процесі кезінде қатаңдығы мен әділеттілігі ортақ балансты ұстап тұрады, ал ойыншылар оған құрметпен қарайды.
Станислав Черчесовтің дебютін Магомед Адиевтің дебютімен салыстыру орынсыз, өйткені қазір Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының В дивизионына өтіп, жаңа деңгейге жетті. Мұнда қарсыластар әлдеқайда мықты: әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен бірге ойнайтын Норвегия, Аустрия және Словения сынды командалармен бәсекелесу оңай емес.
Қазақстанның стандарттары бойынша Черчесов – жоғары деңгейдегі жаттықтырушы. Бірақ кез келген жаттықтырушы сиқыршы емес, сондықтан Станислав Саламұлына өз жоспарларын жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Ол қазақстандық ойыншылардың менталитетін түсініп, қажетті тетіктерді табу жолында жұмыс істеп жатыр.
Жақын арада, қазан айында, Қазақстан құрамасы Аустрия және Словения құрамаларымен тағы екі ойын өткізеді. Бұл матчтарда Черчесовтің жұмысына баға беру әділірек болады, өйткені алғашқы екі матч әлі танысу кезеңі болды. Жаңа жеңістер мен жаңа мақсаттарға жету үшін құрамаға қолдау көрсетейік.