Жаңалықтар

«Ғарышкерлер сияқты»: жанкүйерлер Олимпиадаға арналған киімдерді сынады

Жанкүйерлер спортшылардың киімдерін сынға алды

Қазақстандық спортшылардың Париж Олимпиадасына арналған киім үлгісі әлеуметтік желіде жан-жақты талқыға түсті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Париж Олимпиадасына арналған формаын киіп суретке түсіп, Instagram желісіне жариялады. Желі қолданушылары арасында дзюдошылардың киім үлгісі талқыға түсті.

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төртжылдық басты бәсекесінде Қазақстан атынан 80 спортшы бақ сынайды. Ел қоржынында 25 спорт түрінен 92 жолдама бар.