Футбол

"Қателіктер кетті": Черчесов Словениядан жеңілісі туралы пікір білдірді

Черчесов ұлттық құрамаға не жетіспегенін айтты

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Словенияға қарсы 0:3 есебімен жеңіліс тапқаннан кейін Meta-ratings.kz сайтына берген сұқбатында командасының шабуылдағы ойынын бағалады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Люблянада Словениядан 0:3 есебімен ұтылды. Алаң иелері сапында Беньямин Шешко хет-трик жасады. Айта кетсек, соңғы екі матчта Қазақстан құрамасы қақпаға тек екі соққы жасай алды.