Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы қай орынға жайғасты?
Ұлттық құрама қоржынында 1 ұпай
Жаңа маусымдағы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы екі ойыннан кейін бір ұпай жинады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бірінші турда Қазақстан құрамасы Алматыда Норвегиямен кездесу өткізіп, сенсациялық 0:0 есебімен тең түсті. Ал екінші турда Станислав Черчесовтің командасы сырт алаңда Словениядан 0:3 есебімен ірі жеңіліс тапты. Қазіргі уақытта Қазақстан В дивизионының 3-тобында соңғы, төртінші орында тұр. Екі турдан кейін топтағы жағдай мынадай: Словения – 4 ұпай, Норвегия – 4 ұпай, Аустрия – 1 ұпай, Қазақстан – 1 ұпай.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 қазанда Аустрияға қарсы сырт алаңда өткізеді.