Футбол

Роналдудың оқырманы АҚШ халқының санынан да көп

Роналду тағы бір рекорд орнатты

Португалия құрамасының шабуылшысы және "Әл-Наср" клубының ойыншысы Криштиану Роналду жаңа тарихи жетістікке жетті – оның әлеуметтік желілеріндегі жазылушыларының саны 1 миллиардтан асты. Бұл туралы футболшы Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Роналдудың 1 миллиард жазылушысы алты түрлі әлеуметтік желіде тіркелген:

Instagram (639 миллионнан астам жазылушы)

Facebook (170,5 миллионнан астам)

X (бұрынғы Twitter – 113 миллионнан астам)

YouTube (60,5 миллионнан астам)

Kuaishou (9,3 миллионнан астам)

Weibo (7,5 миллионнан астам)

Осылайша, Роналду тарихқа әлеуметтік желілерде ең көп жазылушы жинаған алғашқы спортшы ретінде енді.

Бұған дейін де ол YouTube платформасында рекорд жаңартып, небәрі 90 минут ішінде 1 миллион жазылушы жинаған болатын.