Жаңалықтар

Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?

Көкпардағы дау-дамайдың ықпалы бар ма?

Қазақстаннан бара жатқан өнім шекара бекетінен ары өте алмады. Бұл туралы Қырғызстанның су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, деп Dopmedia.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақ-Тілек» өткізу бекетінде шекаралық ветбақылау инспекторлары тауарларды тексеру барысында Қазақстаннан Қырғыз Республикасының аумағына 302 мың 400 дана тауық жұмыртқасын өткізу кезінде ЕАЭО ветеринариялық-санитариялық ережелерінің бұзылғанын анықтаған.  

«Ақ-Тілек» өткізу бекетінің инспекторлары жүкті тексеру барысында тауық жұмыртқасында таңбалау жоқ екенін, сондай-ақ жүк тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптар сақталмағанын анықтады.

«Ақ-тілек» бақылау бекетінің инспекторлары тарапынан тиісті кері қайтару актілері жасалып, жүк сол бекет арқылы Қазақстанға қайтарылды. 

Айта кетейік, кеше, 12 қыркүйекте көкпардан финалдық бәсекеде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Жанжал мен дау-дамай болған бұл финалда қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.