Өзбекстанда футзалдан Әлем чемпионаты басталды CHANGSUEK

Алғашқы болып Хорватия мен Таиланд командалары кездесті

Өзбекстанда футзалдан Әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Стадион алаңында алғашқы болып Хорватия мен Таиланд құрамалары кездесті. Матч Бухара қаласында өтті. 

Таиланд құрамасы хорваттарды 2:1 есебімен жеңіп кетті. 

Айта кетейік, Таиланд ұлттық құрамасы ФИФА рейтингісінде 9-шы орында тұр.