Бибосынов Досматовтан айласын асыра ала ма?
Марат Мәзімбаев боксшылар арасындағы бәсекелестік туралы айтты
Бокстан 51 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшылардың ішінде Сәкен Бибосынов пен Хасанбай Досматовты Олимпиаданың алтынынан басты үміткерлердің қатарына қосуға болады. Кәсіби бокстан әлем чемпионы Марат Мәзімбаев қосы спортшы туралы өз ойын білдірді, деп Dopmedia.kz тілшісі Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Досматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атануды армандайды. Сәкеннің де арманы – Олимпиада алтыны. Бұл жерде бәрі Бибосыновтың өз қолында. Хасанбайға қарағанда, Сәкеннің қолдары ұзын. Осы басымдықты пайдалану керек. Ара-қашықтық сақтап, өзіне жақындатпау керек. Досматовты жеңуге болады», – дейді Марат Мәзімбаев.
Айта кетейік, осыған дейін Сәке Бибосынов пен Хасанбай Досматов үш рет кездесіп, оның екеуінде өзбек боксшысы жеңіске жеткен.