Жаңалықтар

Көшпенділер ойындары қазақ пен қырғызға ғана керек пе?

Олимпиада қазақ пен өзбектің бәсекесі болды емес пе?

13 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми жабылу салтанаты өткен болатын, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасы 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медальмен көш бастады. 19 алтын, 21 күміс, 25 қоламен Қырғызстан екінші орында, Ресей спортшылары үштікті түйіндеді. Ал Өзбекстан мен Түркия құрамалары үздік бестік қатарынан көрінді.

Бұл жарыстың ең қызықты сәті – 12 қыркүйекте өткен көкпар бәсекесінде орын алды. Қырғыз-қазақ көкпаршыларының эль-классикосы тағы бір мәрте үлкен шуға ұласты. Әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсіп, тіпті бірін-бірі балағаттауға дейін барды. Ақырында көкпарды Қазақстан құрамасы жеңсе, көк бөріні Қырғызстан құрамасы өз қанжығасына байлады. 

Келесі Дүниежүзіліік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді. Осыған дейін 3 мәрте осы аймақта өткен ойындар тек қырғыз бен қазақтың көкпар бәсекесімен жанданған еді. Алдағы ойындарда да тек осы екі елдің сынға түскенін тамашалайтын секілдіміз.