Жаңалықтар

Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді

Еліміздің Ұлттық спорт орталығы жауап берді

Қырғызстан Республикасының көк бөрі федерациясының мамандары Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл маңайында көкпар мен көк бөріден турнир өткізуді ұсынған болатын. Қазақ спортшылары Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Қырғызстан тарабы қазақ көкпаршыларына 1 қарашада Келісім кубогын өткізуді ұсынып, шақырту жіберген еді. Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының өкілдері шақыртуды алғанын айтты.

Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ дәл осы күні көк бөріден де қос құрама кездесіп, қырғыз спортшылар 10:4 есебімен басым түскен болатын.