"Тапқан табысының бәрі еміне кетеді": UFC аруы жантүршігерлік жағдайға жетті (фото)
Оған тіпті хирургиялық көмек қажет
15 қыркүйекте Лас-Вегастағы «Сфера» аренасында өткен UFC 306 турнирінде мексикалық Ирен Альдана мен бразилиялық Норма Дюмон арасындағы жекпе-жек күтпеген жарақатпен аяқталды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Жекпе-жек барысында Норма шабуыл жасап, Иреннің бетіне ауыр соққылар жасап жарақаттады.
Кездесу уақытша тоқтатылып, Иренді дәрігерлер тексеруге жіберді. Спортшы жарақатына қарамастан, жекпе-жекті жалғастыруға ниет білдірді. Алайда жарақат тереңдей түсіп, спортшыға хирургиялық көмек қажет болды.
Бұл жағдай UFC жанкүйерлері арасында қызу пікірталас тудырды. Ирен Альдананың Instagram парақшасындағы жазбаларда кейбіреулер әйелдерге аралас жекпе-жек турнирлеріне қатысуға тыйым салуды ұсынды. Бірақ жанкүйерлердің көпшілігі спортшының батылдығына қолдау көрсетіп, оны «нағыз жауынгер» және «Мексиканың батыры» деп атады.
Желі қолданушыларының кейбірі былай деп пікір білдірді: