Бокс

Бокс әлемінің аруы шаршы алаңға қашан оралады?

Ангелина Лукастың келесі қарсыласы кім?

Қазақстанның кәсіби боксшысы Ангелина Лукас (10-1, 5 KO) өз мансабындағы келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

BoxRec.com сайтының ақпаратына сәйкес, Лукас 6 қазан күні Таиландтың Бангкок қаласында рингке шығады.

Оның қарсыласы аргентиналық Дебора Анахи Лопес (21-2-1, 1 KO) болады.

Бұл кездесудің маңыздылығы жоғары, себебі жекпе-жекте IBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Ангелина үшін бұл – үлкен мүмкіндік қана емес, сонымен қатар оның мансабындағы маңызды кезең.