Футзал

100 жылда еңсерілмеген рекордты Оразов 5 секундта бұзды

Оның бұл жетістігі ФИФА тарапынан жоғары бағаланды

Футзал Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов ХХІ ғасырдағы ең жылдам голдың авторы атанып, ерекше рекорд жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Біржан Оразовтың Өзбекстандағы әлем чемпионатының бірінші туры аясында Испания қақпасына 5 секундтың ішінде гол соққан еді. Бұл жетістік футзал тарихындағы маңызды оқиға ретінде есте қалады.

Қазақстан құрамасы бұл матчта испандықтармен тең ойнады (1:1). Ойынның күрделілігі Даурен Тұрсағұловтың алаңнан қуылып, қазақстандықтардың екі минут бойы бір ойыншысы кем болған сәтте де көрінді.

Қазақстан құрамасы бұл топ та Испаниядан бөлек Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнайды.