Көкпардан реванш болмайды, айта берудің қажеті жоқ
Журналист Аслан Қаженов пікір білдірді
Кеше, 16 қыркүйекте Қырғызстан Республикасының көк бөрі федерациясының мамандары Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл маңайында көкпар мен көк бөріден турнир өткізуді ұсынған болатын, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Осы мәселе бойынша белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов пікір білідіріп, реванш жасаудың қажеті шамалы екенін айтты.
Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Сондай-ақ дәл осы күні көк бөріден де қос құрама кездесіп, қырғыз спортшылар 10:4 есебімен басым түскен болатын.