Бразилияның сәтсіздігіне мысық кінәлі – БАҚ
Бразилияның соңғы екі жылдағы сәтсіздігіне мысық кінәлі
Футболдан Бразилия ұлттық құрамасы COPA AMERICA турнирінің ширек финалдық ойынында сүрінген болатын. Осыдан кейін БАҚ-та команданың сәтсіздігіне әсер етіп, "жолын кескен" мысық кінәлі боп шықты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Thе Sun басылымының тілшілері футболдан Бразилия құрамасының соңғы уақыттағы сүреңсіз ойынын баспасөз жиыны кезіндегі оқиғамен байланыстырды. Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында Бразилияның командасының өкілі үстел үстіне шығып кеткен мысықты көтеріп лақтырып жібергені видеоға таспаланып қалған. Аталмыш оқиға Катардағы әлем біріншілігінің Хорватия мен Бразилия арасындағы ширек финалдық ойыны кезінде болған.
«Винисиус Жуниор БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп отырған кезде мысық үстел үстіне секірді. «Реал Мадрид» клубының жұлдызы бұл жағдайға күле қараса да, Бразилия құрамасының баспасөз қызметкері күтпеген жерден мысықты ұстап алып, оны үстелден лақтырып жіберді. Мысыққа ештеңе болмаса да, жанкүйерлер ер адамның әрекетін сынға алды. Сол бір сәттен бастап Бразилия құрамасын сәтсіздік торуылдап жүр», – деп жазды The Sun.
2023 жылдың қазан айында Неймар Уругвай құрамасына қарсы матч кезінде ауыр жарақат алды. Содан кейін жасөспірімдер командасы Олимпиада турниріне қатыса алмады.
Сонымен қатар, Бразилия құрамасы соңғы алты Америка кубогында топ жара алмай келеді. 22 жыл бойы әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінбеді.