Жаңалықтар

Ғұсман Қырғызбаев автокөлік пен жылқыны тізгіндеді (видео)

Жерлестері Ғұсманды көкке көтерді

Париж Олимпиадасында қола медаль еншілеген дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері темір тұлпар пен жылқы сыйлады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Түркістан облысы дзюдо федерациясының мәліметіне сүйенетін болсақ, дзюдошы өзі туып-өскен Темірлан ауданының тұрғындары Ғұсман Қырғызбаевты ерекше құрметпен қарсы алған. Ауылдастары Ғұсманға темір тұлпар тарту етсе, Түркістан облысының дзюдо федерациясының президенті Хамиддин Жарқынбеков федерация және өз атынан жылқы мінгізді. 

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола медаль жеңіп алған еді.