Ерлер

Чемпиондар лигасы: Шымкентте өткен ойында гол соғылмады

«Ордабасы» өз алаңында тең нәтижені тіркеді

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» мен молдовалық «Петрокуб» командалары жолықты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен ойында қос команда бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Осылайша, тең нәтиже тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, екінші ойын 17 шілдеде Молдовада болады. Осы ойында жеңіске жеткен клуб Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кипрлік «АПОЭЛ» клубына қарсы матч өткізеді.