Әлем футболы тарихындағы үздік 5 тактика (фото)
Футбол өнері мен стратегиясының майын ішкендер
Футбол – бұл тек талант пен тәжірибені ғана талап етіп қоймай, сонымен бірге стратегиялық ойлауды қажет ететін спорт түрі. Ойыншылардың шеберлігі мен физикалық дайындығы маңызды болғанымен, футболдың басты күші тактикада жатыр. Бүгінгі таңда футболда көптеген тактикалық жүйе қолданылып келеді, ал олар заман талабына сай өзгеріп, жетілдірілуде. Бұл мақалада Dopmedia.kz тілшісі әлем футболындағы үздік 5 тактиканы оқырман назарына ұсынбақшы
VERROU тактикасы
VERROU немесе Catenaccio деп аталатын бұл тактика қорғаныстың күшеюін және қарсыласқа гол соғу мүмкіндіктерін барынша азайтуды көздейді. Бұл жүйеде 6-7 шабуылшы қарсылас қақпасына жақын орналасады, ал бір ойыншы либеро рөлінде қалса, қалған үш ойыншы қорғанысқа жауапты болады. Италиялық командалар осы тактиканы жетілдіріп, 1-3-3-3 жүйесін ойлап тапқан. Қазіргі уақытта бұл тактиканың элементтерін Италия ұлттық құрамасы мен италиялық «Милан», «Ювентус», «Наполи» сияқты клубтардан байқауымызға болады. Сондай-ақ «Ливерпуль» клубы да осы тактиканы қолданған.
WM тактикасы
WM тактикасы футбол тарихындағы тағы бір маңызды жүйе болып саналады. Бұл жүйеде ойыншылар 3-2-2-3 формациясын ұстанып, алға жылжып, қарсылас қорғанысын бұзу арқылы гол соғуға тырысады. WM жүйесінде шабуылшылар W әрпіне ұқсас тұрса, қорғаушылар M тәрізді орналасады. Бұл жүйе өткен ғасырдың ортасында кеңінен қолданыс тапқан. Әсіресе неміс футбол машинасы «Бавария» футбол клубы осы тактиканы ұстанған.
Тоталды футбол
Тоталды футбол – кеңістікті тиімді пайдаланып, қарсыласқа қысым жасауға негізделген тактика. Оның негізін қалаған нидерландтық Ринус Михелс. Бұл жүйеде команда кеңістікті кеңейтіп, алаңды өз пайдасына қолдануға тырысады. 1970 жылдары Нидерланд құрамасы осы бір тактиканы қолдану арқылы ең көп жетістікке жеткен болатын.
Тики-така
Тики-така – қысқа және дәл пастарға негізделген, қарсыласқа еш мүмкіндік бермейтін испаниялық футбол тактикасы. Бұл әдісті Йохан Кройф дамытты, ал кейіннен Пеп Гвардиола жаттықтырған «Барселона» клубы осы тактиканы қолданудың шыңына жетті. Қазір де клуб осы тактиканың жүйесінде ойнайды. Сондай-ақ Пеп Гвардиоланың «Манчестер Сити» командасы да тики-така жүйесін сәтті қолданатын клубтардың бірі болып саналады.
Гегенпрессинг
Гегенпрессинг – қазіргі заманғы футболдағы ең танымал тактикалардың бірі. Бұл жүйеде команда допты тез қайтару үшін қарсыласқа қысым жасайды. Юрген Клопп басқарған «Ливерпуль» командасы мен осы тактиканы жетілдіріп, көптеген жетістіктерге жетті. Кейбір жылдары «Бавария» да осы жүйені қолданған.