Рамазан Оразов Данияда тілдік қиындықтырға ұшырап жүр ме?
Ол Данияда қай тілде сөйлесіп жүр?
Қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов «Силькеборг» футбол клубының баспасөз қызметіне берген сұқбатында дат тілін үйрену тәжірибесі және командамен қарым-қатынас туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Сонымен қатар, Рамазан команда мүшелерінің барлығы ағылшын тілін түсінетінін және сөйлей алатынын, сондықтан ешқандай тілдік қиындықтар туындамайтынын атап өтті.
Еске сала кетсек, Рамазан Оразов биылғы маусымда «Силькеборг» клубына ауысып, 11 ойынға қатысып, бір гол соқты. Қазіргі уақытта «Силькеборг» Дания Суперлигасында үшінші орында, көшбасшы «Мидтьюлландтан» төрт ұпайға қалып отыр.