Үлкен теннис

Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына шықты

Теннисші Уимблдон турнирінде сүрінбей келеді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Әлемнің 4-ракеткасы есептелетін қазақстандық теннисші ширек финалда украиналық Элина Свитолинаны (WTA 21) екі сетте жеңді – 6:3, 6:2. Ойын шамамен бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Бұл матчта отандасымыз көп шабуылдады. Бірінші сетте Елена соққылардың 34 пайызында шабуылға шыққан болса, қарсыласы Элина Свитолина 15 пайыз көрсеткішті тіркеді. Екінші сетте Елена Рыбакина екі брейк жасап, сенімді түрде есепте алға шықты. Сондай-ақ бұл матчта ол 7 эйс жасап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Ол көбінесе ұпайларының 85 пайызын допты бірінші асырған кезде еншілеген.

Жартылай финалда Елена Рыбакина чехиялық Барбора Крейчиковамен кездеседі.