Назым Қызайбай неліктен «Мықтылар турниріне» қатыса алмайды?
Назым Қызайбай бұл турнирде бақ сынай алмайды
22-28 қыркүйек аралығында Қарағандыда әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» өтеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бұл жарыс алдағы Азия чемпионатына іріктеу болып саналады. Құраманың бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалиннің айтуынша, осы турнирде Азия чемпионатына іріктеу жүргізіледі және боксшылар жаңа ережелер бойынша жұдырықтасады, бұл спортшыларға жаңа ережелерге бейімделуге көмектеседі.
Қазіргі уақытта әр спортшы өз аймақтарында дайындалып жатыр. Кейін қай спортшы қандай салмақ дәрежесіне ауысатыны белгілі болады. Қазіргі уақытта Алуа Балқыбекова ресми түрде 50 кг салмақ дәрежесінде бекітілгенін ғана айтуға болады.
Қарағандыдағы жарыстардан кейін Азия чемпионаты өтеді. Одан кейін ел чемпионаты ұйымдастырылады.