Футбол

ФИФА жаңа рейтингін жариялады: Қазақстан қай орынға тұрақтады?

Қазақстанның жаңартылған рейтингтегі орны қандай?

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өзінің позициясын өзгертпей, 109-орынды сақтап қалды. Қыркүйек айында өткен Ұлттар лигасы матчтарында Қазақстан құрамасы Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнап, Словениядан 0:3 есебімен жеңіліс тапты.

ФИФА рейтингіне сәйкес 2024 жылдың 19 қыркүйегінде алғашқы бестікте келесі елдер орналасқан:

1. Аргентина – 1889.02  
2. Франция – 1851.92  
3. Испания – 1836.42  
4. Англия – 1817.28  
5. Бразилия – 1772.02  

Қазақстан 109-орында (1193.21 ұпай) тұр, ал 108-орында Мадагаскар (1196.56 ұпай), 110-орында Танзания (1188.24 ұпай) орналасқан.