Жаңалықтар

Қазақ көкпаршылары Қырғызстандағы турнирге қатыса ма: федерация ресми жауап берді

Қазақстан көкпар федерациясы аталмыш жағдайға пікір білдірді

Қазақстанның көкпар федерациясы Қырғызстанда өтетін турнирге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ дәл осы күні көк бөріден де қос құрама кездесіп, қырғыз спортшылар 10:4 есебімен басым түскен болатын.