Футбол

«Мен сенбедім»: Нұралы Әліп Манчестер Юнайтедке ауыса ма? (видео)

Нұралы Әліп бұл туралы жаңалықты қалай қабылдады?

Футболдан Қазақстан құрамасының және «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп атақты «Манчестер Юнайтед» клубы тарапынан қызығушылық болған-болмағаны туралы айтып берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Нұралы Әліп бұл мәселеге байланысты Қайрат Боранбаевпен сөйлескенін атап өтті.

Айта кетейік, Нұралы Әліпке ПСЖ мен «Манчестер Сити» клубтарынан да ұсыныстар түскенін атап өтуге болады.

Ол 2022 жылдан бері «Зенит» сапында ойнап келеді және жақында келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартқан.

Transfermarkt порталының мәліметінше, оның трансферлік құны 3 миллион еуроға бағаланады.