«Әр клубтың әйелдер командасы құрылуы керек» — УЕФА
Бұл шешім 2025 жылдың 1-ші қаңтарынан іске асырылады
УЕФА ұйымының шешімі бойынша, 2025 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Премьер-лигада ойнайтын әр клуб өзінің әйелдер командасын құру керек. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Бұл шешім УЕФА-ның кезекті отырысында Дублин қаласында қабылданған болатын.
Осы орайда, Қазақстан Футбол Федерациясы (ҚФФ) 2025 жылдан бастап «QFL Әйелдер Лигасына» қатысу үшін әр қазақстандық клуб әйелдер командасын құру керектігін мәлімдеді.