Бокс

Джошуа-Дюбуа жайында: "Күтпеген жағдай болды" – Усик

Дэниэл Дюбуа мен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жекте Дюбуа бесінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Александр Усик бұл нәтижені күтпеген жағдай деп бағалады. Ол Джошуа жеңеді деп ойлағанын айтты.

Британдық IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дэниэл Дюбуа мен ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жек Лондонда өтті. Кездесудің бесінші раундында Дюбуа Джошуаны нокаутқа жіберіп, чемпиондық атағын алғаш рвет сәтті қорғады.

Бұл жекпе-жекке қатысты WBC, WBA және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы украиналық Александр Усик өз пікірін білдірді. Усик Джошуа жеңіске жетеді деп күткенін айтты.

Осылайша, Усик жекпе-жек нәтижесіне таңғалысын жасырмады.