Жаңалықтар

Кезекті легионер ме? Қазақстан азаматтығын алған спортшы жауап берді

Мәскеулік София Самоделкина Астанаға көшіп келді

Мәнерлеп сырғанаудан 17-жасар спортшы София Самоделкина өзінің Қазақстан азаматтығын алғанына қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Спортшы юниорлар арасында Анкарада өткен турнирдің чемпионы атанды. Сол сәтте оның бапкері Александр Жулин Софияның «пойызы кетіп қалды» деп тіл қатқан екен. 

Бұл пікірге Самоделкина «Онымен қоса ұшақтар мен кемелер бар» деп жауап қайтарды.